Алматыда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған әдеби керуен өтті

  • 142
  • 11.06.2025, 18:35

«Арайлы Алматыға шырайлы Шымқаладан».

Ұлттық кітапханада классик жазушы, журналист Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай әдеби керуен өтті. Мархабат Байғұт – көркем әдебиеттің құдіретін терең танытып, руханият пен рухтың алтын арқауын ардақтаған қаламгер. Ол бірнеше жыл мемлекеттік қызметте де істеді. Оның «Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Дауыстың түсі», «Қорғансыз жүрек» сынды прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көрді. «Бозторғайдың ұясы», «Жоғалған Жұрнақ», «Көксу комедиясы» драмалары театр сахнасында қойылып, көрерменнің ықыласына бөленді. Жазушының ұрпақтары оның біраз шығармасын Ұлттық кітапханға сыйлады. 

Жыл басында классик жазушының мерейтойына орай өткен конференцияда оңтүстікте «Мархабат Байғұт атындағы әдебиетшілер үйін» ашу ұсынылған еді. 

Ғалымжан Елшібай, журналист, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Бүгінгі басқосудада сол идеяны жүзеге асыру қатысушылар тарапынан қолдау тауып отыр. Демек Мархабат Байғұтты зерттеу, зерделеу, әдеби мұрасын насихаттау тек мерейтойы аясымен шектелмей, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.