Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

  • 65
  • 16.06.2025, 19:49

Париждегі ЮНЕСКО штаб пәтерінде ұлы композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды. Оған 194 елдің өкілі қатысты. Осылайша аса көрнекті өнер иесінің ғасырлық мерейтойы барша өркениетті әлем үшін елеулі оқиғаға айналды. Көрмеге Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер қойылған. Олардың қатарында композитордың өзі жазған партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары, Ахмет Жұбанов сыйға тартқан «Дариға домбырасы» да бар. Көрме 19 маусымға дейін жалғасады.

Асқар Әбдірахманов, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:

- Нұрғиса Атабайұлы өз еңбегімен Отырар сазы оркестрі арқылы, өз туындылары арқылы тек қана қазақ үшін емес, бүкіл әлем халықтарына өшпес мұра қалдырды деп сенеміз. Музыкалық аспаптардың әлем мәдениетін қалай байытқанын, соған Нұрғиса Атабайұылының қосқан бірегей үлесі қандай болғанын көрсету мақсатымен ұйымдастырылып отырған іс-шара.