Астана аспаны әдемі әуенге бөленді. Әжелер ансамблі Абай Құнанбаевтың әндерін тамылжыта шырқады.
Ұйымдастырушылар ұлы ақынның 180 жылдығына орай осындай челлендж бастап кетті. Абай ескерткіші алдында басталған іс-шара қоғамдық көлікте жалғасын тапты. Әжелер жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сәт сапар тіледі. Айтуларынша бұл Абай шығармашылығын насихаттаудың бір жолы.
Күләш Қосбармақова, «Әжелер шаңырағы» ансамблінің жетекшісі:
- Абай шығармашылығы өскелең ұрпақ үшін таптырмас қазына. Сондықтан осы жасымызға қарамай, бар күш-жігерімізді жиып Абай әндерін шырқаудамыз. Ұлы ойшылдың әр сөзін бір күн ғана емес, үнемі насихаттау керек. Оны оқып қана қоймай, тоқи білген адам еш адаспайды. Абай – бізге жол сілтеуші, жарыққа ұмтылдырушы мұнара.