Астанада тұңғыш рет кітапханашылар мен кітапхана саласында қызмет ететін шығармашыл ақындар арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған республикалық мүшәйра өтті.
Ақындар екі өлеңмен қатысып жатыр. Оның бірі хакім Абайдың ақындық, кемеңгерлік тұлғасын паш етуге бағытталса, екіншісі кітапхана ісін, кітапханашы еңбегін насихаттауға арналды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы жүлделер, дипломдар табысталады.
Әлібек Асқаров, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
- Қадыр Мырза Әлі ағамыздың айтқан сөзі есіме түсе береді: «Дүниедегі ең қасиетті мамандық – кітапханашы. Кітап арқылы аспандағы күннің нұры жан-жаққа шашырағандай, бұл мамандықтың бүкіл салаға қатысы бар» демекші. Осы тұрғыдан алғанда кітапханашылар арасында ұйымдастырылып отырған бәйге, сайыс қолдауға тұрарлық, ары қарай жалғаса түссе.