Астанада Азиядағы алғашқы «Silk Way Star» халықаралық байқауы өтеді

  • 12
  • 15.08.2025, 18:41

Астанада Азиядағы алғашқы «Silk Way Star» халықаралық байқауы өтеді. Жоба әлемдік музыкалық индустриядағы құбылыс болмақ. Сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдени құндылықтарын паш етеді. «Silk Way Star» Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы. Музыкалық сайыстың түсірілімі биылғы 20 тамызда басталады. Гранд-финал 22 қараша күні Jibek Joly телеарнасында және байқауға қатысушы елдердің жетекші арналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Конкурсқа Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея өкілдері қатысады.

Alem, әнші:

-Өте үлкен жауапкершілік. Мен байқауларға қатыспағалы көп болды. Ойландым, бірақ, қуана-қуана қабыл алдым ұсынысты. Өйткені бұл мен үшін үлкен мәртебе. Біздің жалауды әлемдік аренада желбіретіп, көтеру. Осы мүмкіндік үшін көп-көп рақмет. Әрине, жобада мен өзімнің барымды салып тырысам.