Александр Лим «Жаңа толқын – 2025» байқауының жеңімпазы атанды

  • 19
  • 28.08.2025, 18:42

«Жаңа толқын – 2025» байқауында жеңімпаз болған Александр Лим мен үшінші орынды олжалаған Ерназар Жұбан елге оралды. Әншілерді туыстары мен жанкүйерлері Алматы әуежайынан күтіп алды.

Қазан қаласында өткен халықаралық өнер бәйгесіне 6 мемлекеттен 13 жас орындаушы қатысты. Байқаудың 23 жылдық тарихында Қазақстанға бірінші жүлде алғаш рет бұйырып отыр. Александр Лим ақтық сында «Забывай» атты әнін орындады. Ал Ерназар Жұбан Хамит Жанғалиевтің әуеніне жазылған «Үзілмес үміт» әнін шырқап, үздіктер қатарынан көрінді.

Александр Лим, «Жаңа толқын - 2025» байқауының жеңімпазы:

-.Конкурстың бірінші күні сол елдегі хит әнді орындадым. Маған «Сибирские морозы» әніне біздің стильде сәл өзгеше аранжировка жасауға кеңес берді. Қалған екі конкурс күнінде авторлық композициялар болды. Менде ондай ән көп емес, сондықтан таңдау аса қиын болған жоқ.

Ерназар Жұбан, «Жаңа толқын - 2025» байқауының жеңімпазы: 

- Конкурс өте жақсы өтті. Бірінші турда 11-ші орында болдым. Екінші турда 9-ға көтерілдім. Үшінші турда 3-ші орынға қадам жасап, барлығы орыс тілінде болды. Мен және Грузиядан бір бала өз ана тілімізде ән шырқадық.