Ресейдің Санкт-Петербург қаласында XI Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтіп жатыр. Жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация да қатысты. Форумда мәдени мұраны сақтау, цифрлық технологиялардың рөлі, креативті экономиканы дамыту сынды тақырыптар қозғалды.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Бүгінгі шараның тақырыбы – «Мәдениетке оралу – жаңа мүмкіндіктер». Мәдениет тек сахна, мұражай немесе концерт залы емес екені белгілі. Бұл рухани бірліктің кеңістігі, өнер ғибадатханасы, жаратылыс пен шабыттың қайнар көзі.