Павлодарда филармония музейі көне пианиномен толықты

  • 10
  • 18.09.2025, 20:00

Қала тұрғыны ақын Татьяна Окольничья 19 ғасырда жасалған пианиноны филармония қорына тарту етті.

Татьянаның отбасы піл сүйегінен жасалған бұл аспапты 1959 жылдан бері сақтап келген. Бір кездері аты аңызға айналған павлодарлық көпес Матагановтар әулетіне тиесілі болған. Революция жылдары отбасы қаладан көшіп кеткенде құнды мұра өзгелердің қолына өтеді.

Ерлік Сайырхан, И.Байзақов атындағы филармонияның концермейстері:

- Мен осы көне фортепияноны филармонияға әкелді дегенді естігенде өзіме өте қызық болды осы фортепияноның қандай күйде, үні қалай шығып тұрғаны. Өзіндік ерекше үні бар, өте жұмсақ, сабырлы, лирикалық шығармаларды ойнағанға өте ыңғайлы, жағымды шығады. Өзінің бір ерекше үні бар. Кішкентай бір камералық залдарға немесе үйге арналған фортепиано секілді.