Бішкекте қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумы өтті

  • 12
  • 23.09.2025, 19:36

Жиында екі халықтың терең тарихи және мәдени байланыстарына негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Екі елдің әдебиеті мен өнерін насихаттау мәслелері де пысықталды.

Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумына да қатысты. Палата Спикері қазіргі таңда парламенттік дипломатияның маңызы арта түскенін айтты. Мәселен, қазір сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін заңнамалық негізді нығайтудың мәні зор. «Басқа бағыттар бойынша  заңнамалық тұрғыдан қолдау болғаны абзал», - деді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Егер бірінші форум Парламенттік интеграцияның негізін қаласа, екіншісі оның күн тәртібін кеңейтті. Ал үшінші форум біздің бұдан да нақты әрі мазмұнды жұмысқа көшетінімізді көрсетеді. Мемлекеттеріміздің басшылары Орталық Азия өңірінде кооперация мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін белгілеп берді. Бұл ретте Парламенттердің, яғни біздің басты міндетіміз – барлық уағдаластықтарды тиімді іске асыруға үлес қосу және бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.