Алматыда «Есіңе мені алғайсың» атты көрме ашылды

  • 8
  • 07.10.2025, 19:53

«Есіңе мені алғайсың». Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінде осындай тақырыпта көрме ашылды. Атақты композитор ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жетпіске жуық өлеңіне ән жазған. Көрме сол шығармашылық байланыстың айқын дәлелі іспетті. Онда Мұқағали Мақаевтың өзі тұтынған жеке заты, киімі, қолжазбасы, аудармалары сияқты 50-ге жуық экспонат қойылды. Биыл Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Ақын композитордың үйінде бір ай жатып, екеуі 32 әнді дүниеге әкеледі. Олардың қатарында «Саржайлау», «Кел, еркем, Алатауыңа» мен «Мен сендерді іздеймін» және тағы басқа шығарма бар. Ақынның «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне ән жазған да Нұрғиса Атабайұлы. Көрменің мақсаты өскелең ұрпаққа қос алыптың достығын насихаттап, шығармасын таныстыру. 

Жұлдыз Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың ұлы:

-Біздің әкемізді өзі таңдаған. Екеуінің бірлесітігі өте сәтті өтті деп ойлаймын. Екеуі қалдырған өнер қазақ халқының төрінде орын алды. Соның біз куәсі болып отырмыз. Екеуінің жырлары жырланып, әндері айтылып жатады. Соған тәнті болып әулет атынан ризашылығымды білдіремін.