Шерхан Мұртазаның баға жетпес мұралары Ұлттық архивке тапсырылды

  • 11
  • 24.10.2025, 19:59

Іс-шараға жазушының туыстары, белгілі қоғам қайраткерлері мен әдебиеттанушылар қатысты. Қаламгердің әйгілі «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбасы, ұлт намысын ту еткен «Бесеудің хаты» драмасы мен Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу жазбалары жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ бұрын еш жерде жарияланбаған суреттері, хаттары мен шығармашылық дәптерлері де көрмеге қойылды.

Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры: 

- Егемен Қазақстан газетінде сақталған 2016 жылы Жуалыдан жеткен бір пара еңбегі. Бір пара еңбегі деген ол 6000 парақтан асады. Соның барлығын біз ұлтпен бірге жасайтын, ұлттың құндылықтарымен бірге әлемге танытылатын Ұлттық архивке тапсырып отырмыз. Осы арқылы «Ғалымның хаты өлмейді» дегендей, кең мағынада жазушының жазған еңбегі халыққа жетуі керек.