Ақтөбеде «Шырқа, сырнай!» фестивалі өтті

  • 65
  • 29.10.2025, 19:53

Қурайлы мәдениет үйінің сахнасында 70-ке жуық сырнай мен аккордеон шебері өнер көрсетті. Әрқайсысы композиторлардың тыңдарман жүрегінен орын алған танымал туындыларын дайындай келген. Фестивальдің мақсаты – біртуар тұлғалардың өміршең шығармаларын құйқылжыта орындап қана қоймай, әмбебап музыкалық аспапты да дәріптеу. 

Сандуғаш Таубаева, Қурайлы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

- Фестивальді біз биыл Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдыға мен Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арнадық. Сол ұлы композиторлардың өнерін, өмір жолын дәріптеу, сонымен қатар біздің өңіріміздегі барлық сырнайшылардың өнерін дәріптеу. Тәжірибе алмасу өзара. Бұл фестивальда 17 жастан бастап 70-тен асқан зейнеткерлер де бар.