Жамбыл Жабаев музейінің 3D виртуалды нұсқасы. Оны алматылық мектеп мұғалімдері мен оқушылары жасап шығарды. Оған 70-ке тарта жәдігер кірген. Алдағы уақытта өзге де экспонаттармен толықтыруды жоспарлап отыр. Жалпы ақынның әдеби-мемориалды музейінде 3 мыңға тарта жәдігер бар. Жоба жыр дүлдүлі Жамбылдың туғанына 180 жыл толуына орай өткен семинарда таныстырылды. Бұған қоса, әдеби-мемориалды музей қызметкерлері көшпелі көрме ұйымдастырды. Ол жерге ақынның өзі тұтынған жеке заттары, кітаптары, сыйға алған заттары қойылған.
Болат Жанайхан, №202 мектеп-гимназиясының директоры:
-Оқушы болсын, көрермен болсын музейге бармай-ақ Жамбыл атамыздың музейіне саяхат жасай алады. Қазіргі технологияны қолдану аясында жасанды интеллект қолдана отырып және балалардың қабілетін арттыру мақсатында бала соны жасай отырып, дүниетанымы артады.
Айбар Темірхан, 7-сынып оқушысы:
-Кәдімгі сайтқа кіру арқылы сол 3D виртуалды музейде ол жерде Жамбылдың үйі болған. Ол жерде Жамбылдың кесенесі, әрі жәдігерлері және көлігіне дейін сақталған. Біз алдағы уақытта музейді дамытып тағы басқа да экспонаттарды қосқымыз келеді.