Оңған қоса, «Парасат падишасы» атты екі томдық естеліктер жинағы көпшілікке таныстырылды.
Алматыда жазушының мұрасына арналған әдеби кеш өтті. Асқар Сүлейменов бұдан өзге «Бесін», «Адасқақ» прозалық шығармасының және әдебиет пен өнер жайлы жазылған көптеген мақаланың авторы. Сонымен қатар «Арғымақ пен шабандоз», «Құлагер» киносценарийлерін жазды. Оның «Жазушымен жүздесу», «Жетінші палата» драмалары, «Болмыс пен бетпе-бет», «Кек» деген атпен кітаптары жарық көрді. Аудармасы және бар. «Ситуациялар» триптихы үшін мемлекеттік сыйлық берілді. Ал «Бесатар» шығармасын түрік тіліне белгілі түркітанушы, аудармашы Абдулкадир Өзтүрк пен ақын Қарлығаш Қабай аударды.
Абдулкадир Өзтүрк, түркітанушы, аудармашы:
- Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» атты шығармасы қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихы тұрғысынан өте маңызды бір туындылардың бірі. Біз оны аудару барысында қазақ тілінің тілдік ерекшелігіне және тілдік байлығына таңғалдық. Бұл кітапты түрік тіліне аударудағы мақсатымыз – Түркия халқы, жазушылары мен зерттеушілері Асқар Сүлейменов пен оның шығармаларын жақсы танып білсін деген ниет.
Әлия Бөпежанова, Асқар Сүлейменовтың жары, мәдени сарапшы:
- Біздің жазушылар шетелге көп аударылып жатыр ғой. Бірақ Асқар Сүлейменов аздау аударылады. Менің ойымша, ол кісінің тілі өте күрделі. Лексикасы өте күрделі. Сондықтан екінің бірі жүрегі дауалай бермейді. «Парасат падишасы» — Асекең туралы естелік кітап. Бұл сонау 1997- 98 жылы жарық көрген. Ол кітап сол кезде тез таралып кетті. Ол кезде оны «ғасыр кітабы» деп айтқан болатын. Көпшлік сол кітап керек бізге керек деп көп сұрады.