Түркістанда өтіп жатқан көкпардан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының топ жарарына ешкімнің күмәні жоқ. Өйткені біздің жігіттердің басты қарсыласы бір ғана Қырғыз елі болатын. Олар жарысқа келген жоқ. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде біраз әңгіме өрбіп, мамандар жауабын айтып жатты. Кім не десе де, дүниежүзілік жарыс жалғасын табуда. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде 8:4 есебімен тәжіктерді тізе бүктірсе, бүгін қытай құрамасынан басым түсті. Жүлделі орыннан үмітті өзбектерде әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Ресей мен Ауғанстан құрамасы да алғашқы кездесулерін сәтті өткізді. Әлем біріншілігі 21 наурызға дейін жалғасады.
Нұрдәулет Момынов, көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Біз үшін Әлем чемпионаты өте маңызды. 9 жыл бойы осыны күттік. Алғашқы Әлем чемпионатында біраз шабандоз ойнай алмай, өзім де ойнай алмай қалған кезде болды. Азия чемпионы болсақ та, Әлем чемпионы бола алмай кеттік. Сол себептен бұл керек болды.
Қазақ елінің боксшылары Азия біріншілігіне барады
Енді 10 күннен кейін Моңғолия астанасында бокстан Азия біріншілігі басталады. Дәл қазіргі уақытта қазақ елінің былғалы қолғап шеберлері дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрлық біріншілігіне кімдер баратыны жақын күндері белгілі болады.
Мерей Ақшалов, Қазақстан Бокс федерациясының бас хатшысы
- Өздеріңіз білетіндей, 2014 жылы бізде 6 алтын болған еді. Одан кейін 2018-де 2 күміс болды. 2023-те 1 күміс, 1 қола алды ұлдар. Алтын болмады. Қазір алтын алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оны бас бапкер де, құрама бапкерлері бәрі біледі. Сондықтан биыл алтын болады деп сенеміз, үміттенеміз. Алтын үшін барымызды саламыз.