Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов елге оралды

  • 8
  • 17.03.2026, 21:54

Ел абыройын асқақтатқан батыр ұлды Астана әуежайынан жанкүйерлер ерекше ықыласпен күтіп алды. Отандасымыз парабиатлоннан 4,5 шақырымдық із қуу сайысында топ жарса, парашаңғыда қоржынымызға қола медаль салған болатын. Ер мінезді Ербол мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. «Енді жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алсам», - деп отыр.

Ербол Хамитов, Паралимпиада чемпионы:

 - 2 ай бұрын Мемлекет басшысына уәде бердім, Әнұранымызды шырқатамын деп. Сөзімде тұрдым. Командама, бапкерлеріме, медициналық персоналға алғысымды білдіремін. Маған сенім артып, жанкүйер болған барша Қазақстан халқына алғысымды білдіремін.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Ербол Парабиатлоннан еліміздің тарихын жаңартып, тұңғыш алтын медальді сыйлады. Бұл тарихи жетістік. Және бір Олимпиадада 2 медаль алған тұңғыш спортшы. Осы Паралимпиада ойындарында біз жалпы командалық есепте 18-орын алып отырмыз. Бұл үлкен жетістік.
Астанада коньки спортынан ел біріншілігі басталды

Астанада коньки спортынан ел біріншілігі басталды

Астанадағы Алау мұз айдынында коньки спортынан ел біріншілігі басталды. Бұл сынға халықаралық жарыстарда оза шауып жүрген мықтылардың барлығы дерлік қатысты. Жарыстың бірінші күні 500 және 1500 метр қашықтықта жүлделі орындар сарапқа салынды. Қыздар арасында Кристина Силаева ел чемпионы атанса Кристина Шумекова күміс Арина Ильященко қола жүлде иеленді. Ал 1500-да Аринаның асығы алшысынан түсті. Ол Мария Деген мен Анастасия Боловодованы артқа тастап алтыннан алқа тақса ерлер арасында 500 метрде Артур Галиев топ жарды. Евгений Кошкин екінші орыннан көрінсе, Алтай Жәрдембекұлы қоланы қанағат тұтты. 1500 метрде Астаналық Нұралы Ақжол ешкімге дес берген жоқ. Қостанайлық Роман Биназаров пен Александр Кленконы қапыда қалдырған Нұралы Қазақстан чемпионы.