«Шырмалған тағдыр» – таңдау, мүдде мен махабаттар қақтығысы жайлы мелодрама. Ал басты рөлдерде Түркияның танымал жұлдызды жұбы.
Телехикаяда басты кейіпкер Маджиденің алып шаһардағы күреске толы тағдыры суреттеледі. Анкарадан Ыстамбұлға көшіп, «арманыма жетемін» деген жас қыздың өмірі кездейсоқ кездесуден кейін түбегейлі өзгереді. «Шырмалған тағдыр» телехикаясы өзгелерге ұқсамайтын сценарийімен ғана емес, психологиялық, драмалық оқиғаларымен де ерекше.