Жетісу облысында Наурызнаманың 10 күндігі аясында ұлттық киім және тазалық керуені өтті. Көксу ауданына қарасты Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары түйе, жылқы мініп көшпелі өмір салтын насихаттады. Жергілікті өнерпаздар халық әндерін асқақтатып төл мәдениетімізді паш етті. 200-ден аса адам қатысқан шеру соңында концерт ұйымдастырылды. Ал талдықорғандық жастар «Таза Қазақстан» акциясын өткізді. Арнайы техникамен қала көшелерін аралаған олар тұрмыстық қалдықтарды қабылдап, көпшіліктің назарын экология мәселесіне аудартты.
Арнай Байжұрынов «Жетісу жастары» ММ директорының орынбасары:
- Жалпы университет, колледждерден 200-ден аса белсенділер қатысуда. Бұндай шара жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға экологияны насихаттайтын шара деп ойлаймыз.