5 өңірде тасқын қаупі бар

  • 7
  • 18.03.2026, 21:56

5 өңірдегі 28 аудан мен 1 қалада тасқын қаупі жоғары. Атап айтқанда, Солтүстік және Шығыс Қазақстан және Ақмола, Қарағанды мен Абай облыстарында қауіп бар. Бұл дерек арнайы бағдарлама негізіндегі Tasqyn ақпараттық жүйесінен алынған. Мамандар 130 елді мекенді әуеден бақылау жүргізілгенін айтады. Аэровизуалды тексеру әлі де жалғасып жатыр. Қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Дренаж жүйелері, арналар мен арықтар тазаланды. Көлік инфрақұрылымдары назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, автомобиль және теміржол желілері мен әуежайлардағы қауіпсіздікті қамтуға басымдық берілген. Республикалық автожолдарда су шаю қаупі бар деген 229 учаске бақылауға алынды.

Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:

-Үлкен су қоймаларымыз негізінен өзен арнасында орналасқан. Сондықтан оны орысша айтқанда русловой водохранилище дейміз. Негізінен бізде тасқын судың көлемі келген кезде біздің су қоймаларда бос сыйымдылық 15 млрд м3 көлеміміз бар. Сондықтан біз келген суды су қоймалардан төменгі ағысқа қарай ешқандай қауіпсіз ағызуға бізде мүмкіндік бар.