Көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

  • 37
  • 10.12.2025, 18:54

Биыл қазақтың біртуар батыры, даңқты қолбасшы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Астанада «Батырлықтың алтын бесігі Жуалы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Туынды авторы генерал-майор Сейітжан Қойбақов еңбегін ұлы тұлғаның өмір жолына арнаған. Алдымен кітап колледж кадеттері мен Ұлттық ұлан сарбаздарына таныстырылды. Мұнан соң тағылымы зор мәдени кеш өтті. 

Сейітжан Қойбақов, кітап авторы, генерал-майор: 

-30-томдығы бар Бауыржанның 100 жылдығына шыққан.
Оны қазір біреу оқиды, біреу оқымайды. Жастар интернетте отыр білесіздер. Соны қысқа-нұсқа, Бауыржанның өткен жауынгерлік жолын жазғаным бар. Балалардың құлағына кіріп, сол құлағында қалса екен. Ертеңгі күні Отанды қорғайсың, Отан үшін отқа түс деген сөздер есінде жүрсе екен деп.