Астанада Берік Әлібайдың «Желісі үзілмеген жалғастық» көрмесі ашылды

  • 7
  • 10.12.2025, 18:46

Елордада танымал зергер, суретші, реставратор, коллекционер Берік Әлібайдың «Желісі үзілмеген жалғастық» атты көрмесі ашылды. Тәуелсіздік күніне арналған көрмеге көне күмістен жасалған 250-ден астам бірегей бұйым, әшекейлер мен ұлттық нақыштағы киімдер ұсынылған. Олар ою-өрнектің символикасын, мағыналық мазмұны мен эстетикалық ерекшеліктерін баяндайды. Көрме Астанадағы Президент орталығында желтоқсанның соңына дейін жалғасады.  

Берік Әлібай, зергер, «Құрмет» орденінің иегері:

-Зергерлік өнердің дамуы 90-жылдардан басталады. Ең алғашқы біздер тәуелсіздіктің қарлығаштарымыз. Дүниежүзінде зергерлік өнерден біз ең алдыңғы орындамыз десем де болады. Біз көп конкурстарға, фестивальдерге барамыз, сол кездері біз алдыңғы орынды аламыз.