Уақыт жаңғырығы. Алматыдағы Ұлттық Орталық музейде осындай тақырыпта Суретшілер одағының көрмесі өтіп жатыр. Мәдени іс-шара қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары Хакімжан Наурызбаев пен Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына арналады. Биыл атақты суретші Николай Хлудов, Еркін Мергенов пен Төлеген Досмағамбетовтың да мерейтойлары. 150-ге тарта суретшінің кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша шығармалары көпшілік назарына ұсынылған. 40-тан астам жұмыс онлайн көрсетілді. Туындылардан жаңашыл әдістерді, қазіргі заманғы көркем бейнелерді ашуға деген ұмтылыс байқалады.