Биыл қылқалам шеберінің шығармашылығына 30 жыл толып отыр. Оның жұмысының басым бөлігі – портрет. Өзінің айтуынша, Мұқағали Мақатаевқа арнаған картиналар сериясы сәтті шыққан. Оған қоса, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Бердібек Соқпақбаевты бейнелеген туындыларын өнерсүйер қауым жоғары бағалады.
Ару қала Алматының келбеті мен асқар Алатаудың көрінісі суретшінің бірнеше жұмысына арқау болған. Көрме екі аптаға ұласады. Оған 50-ге жуық туынды қойылған. Қанат Сәдуақасовтың картиналары өз елімізде ғана емес, шет мемлекетте де жоғары бағаланады.