Биыл мәдениет саласы айтулы оқиғаларға толы болды. Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт берді. Бұл қазақ өнерін әлемге тағы бір паш етті. Ал Ержан Максим Дубайда өткен Sanremo Best Song 2025 байқауында ең жоғарғы жүлдені жеңіп алды. Александр Лим XXI Қазанда «Жаңа толқын 2025» конкурсында, Алмагүл Батталиева 34-ші «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде гран-при иегері атанды. Жасмин Түзелова болса Ресейдегі «Голос. Дети» музыкалық шоуында үлкен жетістікке қол жеткізді.