Алматыда Президенттік шырша ұйымдастырылды

  • 15
  • 25.12.2025, 18:47

Алматылық балалар сыйқыр әлеміне тап болды. 300-ге жуық оқушы Президент шыршасына шақырылды. Биыл мерекелік шара «Жаңа жыл елімізді аралап келеді» атты тақырыппен ұйымдастырылды.

Жаңажылдық Президент шыршасы жылдан жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бұл мереке балаларға ерекше қуаныш сыйлайды. Оған қатысу – әр бүлдіршіннің арманы. Шырша тойына барлығы да тыңғылықты дайындықпен келген. Бір-біріне киімдерін көрсетіп мәре-сәре. Олар үшін мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларды Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құттықтады. 

Сәкен Аралбаев, қалалық білм басқармасы басшының орынбасары:

- Бүгінгі шарамызға 300-ден астам біздің қаламыздың дарынды бүлдіршіндері, әлеуметтік осал топтан шыққан балаларымыз қатысып отыр. Сондықтан бүгінгі мерекелі іс-шара Алматы қаласының бүлдіршіндеріне мерекелік көңіл күй сыйлайтын сый-сияпат болды деп ойлаймыз.

Түрлі-түсті ойыншықтармен безендірілген шырша. Әртүрлі ертегі мен мультфильм кейіпкерлері мен аниматорлар. Аязата мен Ақшақардың қатысуымен өткен сахналық қойылым. Осының бәрі бүлдіршіндерге тамаша көңіл күй сыйлады.

Қадыр Әбен, мектеп оқушысы:

- Менің атым Әбен Қадыр. Мынау менің сыңарым Әбен Қасен.Біз осы президенттік шыршаға біз ғылыми жоба қорғап, Алматы қаласы бойынша бірінші орын алдық, ал республикадан үшінші орынды алып келдік. Қазақ есімдерінің мағыналық  құпиясы.

Қасен Әбен, мектеп оқушысы:

- Балалар ешқашан ауырмасын. Менің арманым, мақсатым – әке- шешемді тыңдау. Ал өскенде журналист болғым келеді.

2025 жыл Алматының білім саласы үшін нәтижелі болды. Орта білім беруде республика көлемінде 23-ші жыл қатарынан үздік олимпиадалық команда атанып отыр. 

Едіге Қалқабек, мектеп оқушысы:

- Маған осы шырша ұнады, көп жаңа дос таптым. Мен өскенде полиция қызметкері болғым келеді.

Шырша тойына келген балалардың ешқайсысы құрқол қайтқан жоқ. Дастарханнан дәм татып, Президенттің атынан бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев