Биыл аса көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл, ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл.
Мерейлі ЮНЕСКО көлемінде мерейтойлары атап өтілетін 20-дан аса көрнекті қайраткер, ақын-жазушыға арналған «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды. Онда тұлғалардың 500-ден аса кітап, құжаттар, фотосуреттер мен құнды еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Шараға зиялы қауым, әдебиет майталмандары, тәртіп сақшылары мен мектеп оқушылары қатысты.
Баянғали Әлімжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы:
- Бұл үлкен іс-шара деп білемін. Кітапхана осылай еске алып, бұрынғы өткен ақын-жазушылардың мұраларын жарқыратып, бүгінгі балаларға көрсетіп жатқаны үлкен рухани мәні бар іс-шара деп білемін. Әлихан Бөкейхановтан бастап орта буын Сайн Мұратбеков, кеше ғана ортамызда жүрген Рақымжан Отарбаев, Күләш Ахметоваларға дейінгі аралықтағы түгел биылғы мерейтойларды қамтыған.