Алматыда жаңа қоғамдық кітапхана ашылды

  • 57
  • 09.01.2026, 18:47

Наурызбай ауданындағы білім қазынасы бірнеше бөлімнен тұрады. Мұнда негізгі оқырман залынан бөлек, жасөспірімдерге арналған және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар шығармашылық кездесулер өткізуге де болады.

Жаңа кітапхананың қорында 200 мыңнан аса кітап бар. Бір мезетте 50-ден аса оқырман қабылдай алады. Цифрлық технологиялар, заманауи білім мен ақпараттық ресурстарды ұштастырады. Яғни оқырмандардың білімін тереңдетуге барлық жағдай жасалған. Осылайша қаладағы қоғамдық кітапханалардың саны 30-ға жетті

Данияр Әлиев, қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

- Осындай жүйеде, жаңа әрі заманауи бағытта кітапханалар ашу жұмысы биыл да жалғасатын болады. Яғни Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарында кітапханалар ғана емес, жалпы мәдени-әлеуметтік нысандар ашу мақсат етіліп отыр.