Ораза 19 ақпанда басталады

  • 13
  • 12.01.2026, 21:37

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни күндер кестесіне сәйкес ол 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына сәйкес келеді. 20 наурыз Ораза Айт. Қадір түні наурыз айының 16-нан 17-сіне қараған түнге сәйкес келеді. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді. Айта кетейік қысқы айға сәйкес келген Рамазан айы соңғы рет 2002 жылы болыпты. Енді, міне, араға 23 жыл салып, Рамазан айы қайтадан григориан күнтізбесі бойынша қысқы айға сәйкес келуде. Бұл ай есебі бойынша бір жылда 354 күн болуымен байланысты. Сондықтан Оразаның басталу уақыты өзгеріп тұрады. Мәселен, 2030 жылы мұсылмандар бір жылда екі мәрте ораза ұстайды.