Абай мұрасы – ұлт байлығы

  • 20
  • 22.01.2026, 21:56

«Абайдың қара сөздері» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу үшін тиісті құжаттар сараптамалық бағалауға жолданды. Бірер күн бұрын Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысыздың өзегі болуға тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатыр. Сондықтан Абай мұрасын жүйелі түрде насихаттаған жөн. Мемлекет басшысы бұл басқаға емес, ең алдымен өзіміз үшін керек екенін тілге тиек етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек. Әл-Фараби, Ясауи ілімдері де ұлт руханиятының ұстыны саналады. Ашығын айтсақ, ұлы бабаларымыздың өсиеттерін олардың  мерейтойы кезінде ғана еске аламыз. Бұл дұрыс емес. Сондықтан Әл-Фараби, Ясауи және Абай ілімдерін жан-жақты дәріптейтін алқалы жиындарды тұрақты өткізіп тұруымыз қажет.