Шерхан Мұртазаның қолжазбалары Ұлттық архивте мөрленді

  • 1951
  • 02.02.2026, 21:44

Ұлттық баспасөзге елеулі еңбек сіңірген, қазақ журналистикасының қалыптасуына айрықша үлес қосқан Шерхан Мұртазаның 6 мыңға жуық қолжазбасы мемлекеттік сақтауға қабылданып, Ұлттық архивте мөрленді. Бұл құжаттар жас зерттеушілер мен Шерхантанушылар үшін қолжетімді. Бүгін Қазақстанның Ұлттық архивінде өткен дөңгелек үстелде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаның қаламгерлік мұрасы сөз болды. Оның шығармашылық, публицистикалық шығармаларын, қоғамдық қызметін тарихи құндылық ретіндеу дәріптеу қажеттігі айтылды. Шерағаңның жеке қорынан алынған фотосуреттер мен кітаптар көрмесі де ұйымдастырылды.

Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:

- Бұл Шерағаның қаламгерлік қазынасы деп айттық. Өйткені бұның ішінде Шерағаның жазушы ретінде прозасы да бар, драматургиясы да бар, газет журналдарға жазған мақалалары да бар. Сонымен бірге біраз бөлігін суреттер қамтиды. Шерағаң қай кездер де баспасөзден қызмет жасады. Сол баспасөзде жинақтаған өзі жинаған өзі түсіруге себепші болған суреттердің барлығы да қоры осыған тапсырылды. Архивте енді мыңжылдық өмірі басталды ғой деп ойлаймын.