«Зиманов энциклопедиясы» жарық көрді

  • 653
  • 19.02.2026, 21:42

Алматыда көрнекті ғалым, Мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымының негізін қалаушылардың бірі Салық Зимановтың ғылыми мұрасын жүйелеген «Зиманов энциклопедиясы» еңбегі таныстырылды. Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті. Бұл энциклопедия Қазақстандағы құқықтық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан Салық Зимановтың өмірі мен қызметін, ғылыми еңбектерін, қоғамдық және мемлекеттік қызметтегі рөлін жан-жақты қамтитын бірегей басылым. Энциклопедияда заңгердің ғылыми мектебі, шәкірттері, негізгі идеялары, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіне қосқан үлесі кеңінен қамтылған. «Басылым кез келген оқырман үшін құнды», - дейді сарапшылар. 

Бақытқали Көшпенбетов, заң ғылымдарының кандидаты:

-Бұл тек қана заңгерлерге ғана емес бұлар бүкіл қазақтың мемлекетіндегі азаматтың барлығына түгеліне арналған. Өйткені біздің құқықтық санамыз жоғары болуы керек. Сонда ғана біз дами аламыз. Өзіміздің құқықтарымызды қорғай аламыз. Міне осы тұрғыдан алған кезде бұл еңбектің үлесі зор. 

Мұрат Жұрынов, академик:

- Бұл кісінің ең бір тарихта қалған көп еңбектерінің бірі ең елеулісі ол 93-жылы қабылданған Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы болды, тұңғыш Конституциясы. Соны ол кісі Парламенттің алдында бекіту үшін 6 сағат бойы сұрақтарына жұрттың жауап беріп сахнада тұрды. Бұл ерлік!