Әл-Фараби мұрасы поэзия тілінде жаңғырды

  • 18
  • 27.02.2026, 21:58

Елордада белгілі ақын әрі публицист Жұпар Қожақтың «Заманалар Әл-Фараби» атты поэмалар жинағының тұсаукесері өтті. Қазақ және орыс тілінде жарық көрген жинақта Әл-Фарабидің өмір жолы, ғылыми мұрасы әдеттегідей қара сөзбен емес, өлең шумақтарымен өрілген. Сондай-ақ әл-Фарабидің бірнеше өлең шумақтары алғаш рет орыс тіліне аударылып беріліп отыр. «Бұл поэмалар жинағы 9 жылғы еңбек пен ізденістің нәтижесі», - дейді автор

Жұпар Қожақ, ақын:

- Мақсатым – мына жас ұрпақ әл-Фараби сынды болуға талпынып, оның еңбектерін оқып-үйренсе екен деген ниет. Бұл – қазақтың маңдайына біткен ғаламат бренд. Оқушылар соны біліп, санасына сіңіріп өссе, таным деңгейі де арта түсер еді. Жазған дүнием оқушыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған. Негізгі мақсатым – ойды түсінікті, ықшам, қысқа әрі көркем түрде жеткізу.