Тараз тұрғындары енді өлке тарихымен автобуста отырып-ақ таныса алады. Тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қаладағы 100 қоғамдық көлікке QR код орнатты. Жолаушылар телефон арқылы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы ақпарат ала алады. Арнайы сайтта мәдени мұралар жайында аңыздар бар. Барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Автобустарда аудио-гид жобасы да жұмыс істейді. «Өңір тарихын дәріптеуде жасанды интеллект пен цифрландыру технологиялары да кеңінен қолданылуда. Бұл туристер санын арттыруға мүмкіндік береді»,- дейді. мамандар. Мәселен, былтыр Жамбыл облысына 135 мың турист барған.
Нұржан Мергенбай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының директоры:
-2 мың жыл бұрынғы 10 ғасыр бұрынғы тұрмыс тіршілікті адамдардың өмірін, сол кездегі құрылыстарды сол кездегі мынау көне қалалардың қандай болғанын біз осы жасанды интелектінің көмегімен тірілтіп, адамдарға көрсетіп жатырмыз. Электронды билеттер шығарып жатырмыз. Қосымшалар арқылы осы билеттерді алдын ала тапсырыс беру оның бәрі осы туристердің осы нысанға келген кездегі ыңғайлы ету мақсатында жайлы ету мақсатында осы цифровизацияның бізге беріп датқан үлкен көмегі.