Павлодар облысында мыңдаған жас ұлттық өнерді ұлықтады

  • 8
  • 19.03.2026, 21:50

Павлодар облысында өткен дәстүрлі «Күй күмбірі» музыкалық челленджіне барлық мектептерден 30 мыңға жуық домбырашы қатысты. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған мәдени шара жастардың ұлттық өнерге деген ерекше қызығушылығын көрсетті. Жас орындаушылар қазақтың көрнекті композиторларының таңдаулы күйлерін орындап, ұлттық мұраны насихаттауға үлес қосуда.

Ал облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде өткен өнер мерекесінде 500 өнерпаз бір мезетте күй тартты. «Күй күмбірі» музыкалық челленджі домбыраның тек музыкалық аспап емес, қазақ халқының рухани болмысының ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Диас Қайыркен, студент:

- Мен үшін бұл челленджге қатысу үлкен мәртебе, құрмет болып саналады. Себебі мұндай 500 адам қатысу бұл үлкен жоба деп ойлаймын, себебі бұған төрт жыл болды қатысып жүргеніме, оның алдында 200 ғана домбырашы болған, биыл 500 адам қатысып жанына өзіміздің қазақтың ұлттық аспаптары, тек қана домбыра емес, қобыз, қылқобыз және жетіген сияқты аспаптарымыз да қосылды.