Мешіттерде Айт намазы оқылды

  • 7
  • 20.03.2026, 21:30

Қазақстандықтар бүгін таң атысымен мешітке барып Айт намазын оқыды. Бұл күн – мұсылман әлеміндегі ең маңызды әрі қасиетті мерекелердің бірі. Қазақ халқы ислам құндылықтарын бойына сіңіре отырып, Айт мерекесін ғасырлар бойы ұлттық дәстүрмен ұштастырып келеді. Халық арасында осы күні бір-бірін құттықтап, ізгі тілектер білдіру кеңінен таралған. Әдетте мұсылмандар Аллаға шүкіршілік етіп, жасаған құлшылықтарының қабыл болуын тілейді. Айт күні туыстар мен көршілерді аралап, бір-бірін құттықтау, амандасу және жақсы тілектер айту ізгі амал саналады. Бұл дәстүр адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қоғамдағы татулықты арттырады.