Бүгін Дүниежүзілік театр күні. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында сала өкілдерін мерекемен құттықтады. Әрі Қазақстанда театр өнеріне деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Бүгінде елімізде 70-тен астам театр жұмыс істеп тұр. Оның 57-сі – мемлекеттік. Тек былтырдың өзінде мемлекеттік театрларда 410 премьера сахналанып, 539 гастрольдік сапар ұйымдастырылған. Көрермен саны 2,8 миллионнан асты. Сондай-ақ министр мәдениет пен тарих мәселенің Ата Заңда берік құндылық ретінде бекітілгенін атап өтті. Бұл Қазақстан үшін мәдениет қосалқы сала емес, қоғамдық дамудың және ұлттық бірегейліктің негізгі тіректерінің бірі екенін көрсететін маңызды бағдар.