Алматыдағы Орталық музейде археологиялық көрме ашылды

  • 7
  • 30.03.2026, 21:46

Еліміздегі алғашқы академиялық археологиялық экспедицияға 80 жыл. Осыған орай Алматыдағы Орталық музейде арнайы көрме ашылып, Орталық Қазақстаннан табылған жәдігерлердің бір бөлігі қойылды. Музей келушілері қола дәуірінің соңғы кезеңі мен ерте көшпелі кезеңіне жататын 300-ге жуық экспонатты тамашалай алады. Мұнда Атасу, Беғазы, Ақшатау, Бұғылы сынды 14 қорымнан табылған археологиялық жәдігер бар. Біздің заманымызға дейінгі көшпелілердің тұрмысын, мәдениеті мен әскерін көрсететін және орта ғасыр кезеңіне жататын экспонаттар да ұсынылған.

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1946-49 жылдары Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен жүргізілген. Атақты ғалым, тарихшы, археолог Әлкей Марғұлан басқарған экспедиция орталық Қазақстаннан 2 мыңнан аса жәдігерді тапқан. 

Нәбира Төрежанова, ҚР Ұлттық орталық музейі археология бөлімінің жетекшісі:

- Одан басқа Бесоба, Сарматтар, Сармат мәдениетін дәлелдейтін сондай әдемі бірегей материалдар қойылып отыр. Көрмеде тас, ғұрыптық бұйымдар, сармат кезеңіндегі жебенің ұштары, әртүрлі айналар, пішіндегі жебе ұштары, сүйектен жасалған, қоладан темірден жасалған жебе, найза ұштарын көріп тұрсыздар.