Алматыда «Қазақстан графикасы» атты көрме ашылды

  • 36
  • 02.04.2026, 21:55

Алматыда Ұлттық орталық музейде «Қазақстан графикасы» атты республикалық көрме-биеннале ашылды. Оған еліміздің әр түкпірінен келген 60-тан аса суретшінің 120 туындысы қойылды. Экспозицияда портрет, пейзаж және еркін тақырыптағы сюжеттік композициялар да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қазақстандық графиканың жан-жақтылығын көрсетеді. Айта кетейік, графикада сызық пен штрих айқын көрінеді. Оны салу үшін жоғары дәлдік пен ерекше зейін керек.  

Шоқан Төлеш, суретші:

-Қарандашпен салып, ойыңызды эскиз жасап алғаннан кейін қағазға түсіресіз. Тушь, кисть дейді. Бірақ ол әртүрлі техникамен болуы мүмкін. Біреуі сызып жасайды. Біреу ойып жасайды. Ояды да үстіне қағазды қойып бояуын үстіне жағып алып, бір-біріне бастырады. Содан ол штамп болып шығады. Оның ерекшелігі оның жақсы жері бірнеше экземпляр, ал алдыңығысы белігілеп қоясыз ғой.