Түркістанда суретшілер симпозиумы басталды

  • 12
  • 17.04.2026, 21:50

Түркістанда ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Ұлылардың отаны» атты халықаралық суретшілер симпозиумы басталды. Облыстық бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған шараға Ресей, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің барлық өңірінен 30-ға жуық қылқалам шеберлері қатысуда.

Байқау шарты бойынша суретшілер өздерімен ала келген шығармаларын осында аяқтайды. Одан бөлек, Түркістанның тарихын бейнелейтін көлемді бір сурет салуы тиіс. Туындылар «Керуен сарай» кешенінде өтетін халықаралық көрмеде таныстырылады.

Намиг Мамедов, Әзербайжанның халық суретшісі: 

- Мен бұл симпозиумға 2-ші мәрте қатысып отырмын. Біз үшін өте маңызды шара. Әр елден келген әріптестерімізбен танысып, тәжірибе алмасып жатырмыз. Мен өзімнің «Көктем» деген шығармамады ала келдім. Ал мұнда қандай сурет салатынымды ойша пісіріп, дайындық үстіндемін. Тек кенеп, бетіне түсіру қалды. Маған қазақтың кең даласы ұнайды. 

Айнабек Оспанов, шығармашылық топтың жетекшісі:

- Осы симпозиумға 20 картина келіп отыр. Қалған уақытта олар біздің елді, жерді тану үшін тақырыптық, пленарлық жұмыстар жасайды. 1 жетіге созылады, осы уақыт ішінде жүзден аса жұмыс біздің меншігімізге өтеді. Бейнелеу өнері музейінің қорында 2,5 мыңнан аса құнды картиналар бар. Батыс өнері бар, кеңес дәуіріндегі суретшілердің жұмысы және Тәуелсіздік алған кезеңдегі жұмыстар бар.