Астанада Төрехан Майбастың жаңа кітабының тұсаукесері өтті

  • 11
  • 22.04.2026, 21:54

«Ұлттық кітап күні» апталығы аясында Астанада өлке тарихын зерттеуші Төрехан Майбастың жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек «Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы» деп аталады. Кітапта қазақ халқының рухани болмысы, ұлттық этнографиядағы күрделі әрі өзекті мәселелер терең талданыпты.

Ұлттық академиялық кітапханадағы шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. 

Төрехан Майбас, кітап авторы:

- Бұл ғылыми еңбек емес. Бұл зерттеу еңбек емес. Мұнда ешқандай сілтеме жоқ. Бұл халықтың ішінен қалып қойған, ұмытыла бастаған, ажырап қалған өзіміз бірде қолданбай жүрген сөздер, түсініктер, ұғымдар.