Елордада «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды

  • 10
  • 23.04.2026, 21:47

«AMANAT» партиясында «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Пилоттық жоба үш өңірде өткен болатын. Олар Шымкент қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары. Өткен сегіз айда оған 190 мыңға жуық адам қатысыпты. Байқау «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын университет» сияқты 6 бағыт бойынша ұйымдастырылған.

Қатысушылар сарапшылар ұсынған 15 кітапты оқып соның негізінде жасалған сұрақтарға жауап беріп, дебаттар, эссе байқауларынан өткен. Барлығы 462 адам жеңімпаз атанды. Оларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:

- Кітап оқитын ұлтқа айналу – мемлекеттің мәдени-рухани өркендеуінің төте жолы. Кітап оқитын ұрпақ тәрбиелеу – елдің интеллектуалдық капиталына салынған ең тиімді инвестиция. «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы осы мақсатты көздейді.