«Жүректегі дақ»: буллинг туралы фильмнің тұсаукесері өтті

  • 6
  • 28.04.2026, 21:54

Алматы облысында 100-ге жуық оқушының қатысуымен түсірілген «Жүректегі дақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Туынды балалар арасындағы буллинг тақырыбын қаузайды. Сценарий авторы мен режиссері оқушылардың өздері. Жоба «ДосболLike» республикалық бағдарламасы мен «Адал Азамат» тұжырымдамасы негізінде дайындалды. Туындының мақсаты достықты, бауырмалдықты насихаттау. Фильм сценариіне жазушы Дина Әбілованың әңгімесі арқау болыпты. Түсірілім қазан айында басталған. 45 минуттық фильмді дайындау үшін 9 сағаттық материал жиналған.  

Рустам Оразалиев, №38 мектеп-гимназиясының мұғалімі, жоба жетекшісі:

- Бізде қоғам назар аудара бермейтін жағдайлар бар. Соның ішінде балалар арасындағы қарым-қатынас. Біздер осы мәселеге назар аударып, соны көтеруге және толыққанды ашуға тырыстық.