Алматыда «Этноауыл» көрмесі өтті

  • 11
  • 30.04.2026, 21:43

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында этноауыл көрмесі өтті. Шеберлер өз қолымен жасаған әшекей-бұйымдары, ер-тоқымдары мен картиналары көпшіліктің назарына ұсынылды. Мұнда оқушылардың қазақи нақышта жасаған туындылары ерекше көзге түседі. Балалар әртүрлі этностардың киімдерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Көрмеге қойылған ұлттық киімдер мен түрлі бұйымдар әр этностың тарихынан сыр шертеді. Темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған ісмер Қоңыр Бекдайыр төл тәжірибесімен бөлісті.

Қоңыр Бекдайыр, шебер:

- Өзіміздің ұлттық өнеріміз ғой. Өзіміздің құндылықтарымызды жоғалтпай, біз жалғастыруымыз керек. Әрі мақсатымыз – осы оқып жүрген жастарды, түлектерді осындай өнеріміздің бар екенін көрсету. Сосын олар оны қарасын, бір жағынан үйренсін. Біздің тарихымыз өте тереңде жатыр ғой.