Астанада Отан қорғаушы күніне арналған ауқымды плац-концерт өтті

  • 38
  • 07.05.2026, 18:47

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұланы, Төтенше жағдайлар министрлігінің шерулік топтары Астанадағы «Қазақ елі» алаңына жиналды.

Мемлекеттік органдарының үздік шерулік есептоптары мен әскери оркестрлері сап түзеді. Салтанатты шара аясында жауынгерлік техникалар мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ күштік құрылымдардың плац-концерті өтті. Әскери оркестрлер қазақ марштарын орындап, бөлімшелер саппен жүріп өтті. Өнер ұжымдары танымал патриоттық әндерді орындады.