Қазақстандықтар енді Лондон, Бристоль және Нью-Йорк көшелерінің ерекше атмосферасын сезініп, атышулы Dismaland жобасына виртуалды саяхат жасай алады. 15 мамырдан бастап тамыз айының соңына дейін Lumiere-hall мультимедиялық музейінде әлемдік өнер туындылары жаңа форматта ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ғылым, технология және өнерді тоғыстырған көрме көрерменді жай бақылаушы емес, көше өнерінің идеясына енетін қатысушыға айналдырады.
Полина Егармин, жобаның негізін қалаушы:
- Біздің музей Амстердам мен Будапештте жұмыс істейді. Енді, міне, Астанада да есігімізді ашып отырмыз. Алматыда үш жыл бойы көрерменмен қауыштық. Бұл көрмеге Banksy-дің әлемге танымал бірнеше туындысының түпнұсқаларын алып келдік. Суретшінің басты ерекшелігі — оның шын мәнінде кім екені әлі күнге дейін нақты белгісіз. Көрермендерге жол ережелеріне арналған жұмыстары, әйгілі банкноттары және Dismaland жобасындағы туындылары ұсынылады.