Астанада «Бала шақтан – болашаққа» повесінің таныстырылымы өтті

  • 4
  • 15.05.2026, 19:59

Астанада жазушы Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» ғұмырнамалық-танымдық повесінің таныстырылымы өтті. Туындыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы негіз болған. Еңбекті жарыққа шығарудағы басты мақсат – отбасы интитутын насихаттау. Әрбір әулет – мемлекеттің бір бөлшегі десек, әр шаңырақтың діңгегі берік, ұрпақ тәрбиесі өнегелі болса, ондай мемлекет мызғымайды. Сонымен қатар бүгінгідей түрлі гаджеттер өмірімізге етене енген тұста бұл кітап балаға бағдар беруде таптырмас құрал болмақ. 15 000 дана болып шыққан повесь еліміздегі барлық кітапханаларға түсті. 

Сәуле Досжан, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Осының ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлының атасы Тоқадан бастап, әкесі Кемел, анасы Тұрар, содан кейін барып өзінің өміріндегі отбасылық тәрбие бар. Президентіміз қазір білесіздер, кітап оқысын деп кітап жылын жасап жатыр. Кітап оқыған баланың ойы ұшқыр болады, ойы ұшқыр бала үлкен биіктерге жетеді. Сондықтан балалардың кітап оқуы үшін жазылған дүние.