Енді Қазақстандағы киелі орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу және билет жүйесі цифрлық форматта жүргізіледі.
Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Қарахан және Айша бибі кесенелері, Отырар қалашығында жаңа технология қазірден жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде аталған тарихи нысандарда есеп жүргізу ашықтығы қамтылды. Билет сату мен келушілерді тіркеу цифрлық форматқа көшірілді.
Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талаптың айтуынша, жыл соңына дейін QR-билет жүйесі басқа да мәдени орындар мен музейлерге енгізіледі.