Елордада Ә. Ахметтің 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті

  • 7
  • 25.05.2026, 19:44

Парламент Сенатында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, дипломат Әділ Ахметтің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтаухатын Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Айта кетейік, Әділ Құрманжанұлы әр жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметтерін атқарды. Сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысты. Бүгінде Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Мерейтой иесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері де құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.