Астанада халықаралық Astana AI Film Festival өтеді

  • 7
  • 25.05.2026, 19:56

Осы күзде елордамызда Astana AI Film Festival халықаралық байқауы өтеді. Оның басты ерекшелігі – жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған алғашқы жарыс. Жобаға өтініш қабылдау ресми түрде басталды. Осыған байланысты фестиваль бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.  Оған технологияның тілін білетін кез келген елдің азаматы қатыса алады. Жарыс нәтижесі күзде шығарылады. Салтанаты шараға 50-ден астам елден авторлар, digital-креаторлар, технологиялық компания өкілдері, сарапшылар мен инвесторлар қатысады деп жоспарланған.

Алмас Жали, фестиваль ұйымдастырушысы:

- Бізде 5 категория бар. Миллион доллар соларға бөлінеді. Ең үлкені — бірінші орын алғанға 450 мың доллар. Барлық ақпарат біздің сайтта бар. Біз үшін ең үлкен үш критерий бар. Оның ар жағында «үздік персонаж» сияқты аталымдар бөліне бастайды.