Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі басталды. Айтулы шара осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған Түркия, Грузия және Өзбекстаннан және еліміздің 8 өңірінен келген өнер ұжымдары қатысып жатыр. Әртістер қауымы алдағы төрт күн бойы өздерінің үздік деп танылған спектакльдерін сахналап, көпшілік назарына болады. Олардың еңбегін өнер майталмандарынан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Фестиваль жас режиссер, актер, драматургтер мен суретшілердің кеңінен танылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар көршілес елдердің және аймақтық театрлардың мәдени байланысын арттыруға ықпал етпек.
Гочча Кабанадзэ, И.Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрының режиссері:
- Мен қазақ халқының салт-дәстүрін, фольклорын, көп ғасырлық тарихымен танысып, әуезді әнін тыңдағым келеді. Осындай фестиваль арқылы екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтады. Ал спектакльддерден ұтымды шешімдерді, жақсы шыққан туындыларды көріп, өз қойылымдарымызда қолданамыз.
Еркін Жуасбеков, қазылар алқасының төрағасы:
- Ұлт мәдениеті де жыл сайын әлемдік үдеріске сай дамып отыруы керек. Осы тұрғыдан алғанда, сахнадан көрерменге сүбелі ой айтып, кәсіби деңгейде баурап алатын, жүректен жүрекке жететін дүниелердің тууына мұндай тәжірибе алмасулардың құндылығы зор. Сондықтан оның берері не дегенде, алға қарай өсуге мүмкіндік пен меже береді дер едім.